Өрттің себебі анықталуда
Қызылорда қаласында кафеден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан кафеде болды.
«Кафеде болған өртті сөндіру барысында құтқарушылар баспалдақ арқылы 14 тұрғынды эвакуациялады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт сәтті жойылды. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.