Шымкентте әйел шала туған сәбиінің денесін перзентханаға тастап кеткен

Автор: Темірхан Айжан

Полиция оны тауып, қылмыстық іс қозғаған

Фото: pixabay.com

Шымкентте әйел шала туған нәрестенің мәйітін перинаталдық орталыққа тастап кеткен. Дәрігерлердің айтуынша, қорапта жатқан баланың денесі төрт айлық нәрестенің мөлшерімен тең, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«7 мамыр сағат 21:30 шамасында №2 Облыстық перинаталдық орталықтан шала туған нәрестенің денесі табылды. Оны қорапқа салып, тастап кеткен. Сонымен бірге қораптан хат табылды», - деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Дәрігерлер анасы толғақ шақыратын дәрі ішкен болуы мүмкін дейді. Полиция әйелді қолға түсіріп, қылмыстық іс қозғаған.