Ақтауда ер адам төртінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған не себеп болғаны белгісіз

Фото: istockphoto.com

Ақтау тұрғыны төртінші қабаттан құлап, аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, ер адам он метрдей ұшып кетіп, дәмхананың үстіне құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар адамды дәмхананың төбесінен шығаруға ғана мәжбүр болды.

Бұған не себеп болғаны белгісіз. Ақтау тұрғыны медициналық көмекке мұқтаж болды.

Өртсөндірушілер көпқабатты үйдің 4-қабатынан дәмхананың шатырына құлап кеткен 36 жастағы ер адамды құтқарды. Зардап шеккен адам шатырдан түсіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.