«Жеміске қақалған»: Атырауда қарттар үйіндегі зейнеткер өлімнен аман қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Зейнеткер облыстық ауруханаға жеткізілді

Фото: freepik.com

Атыраудағы Қарттар үйінде тұратын 73 жастағы әжей жеміске қақалып, демі тарылған. Зейнеткерге жедел жәрдем қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп үлгерді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Біздің бригада оқиға орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер ұйымдасқан әрекет нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді.