Ұсталған ер адам бұған дейін де сотталған
22 сәуірге қараған түні Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде белгісіз адам автокөлікті өртеп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тұрған көлікке бензин шашып, оны өртеп жіберген.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласының жедел уәкілдерімен бірлесіп көлікті өртеген бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады», – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Ельдар Абдикенов.
Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.