Өрт ошағынан сегіз газ баллоны алып шығарылды
Астанада Байқоңыр ауданындағы тамақтану орнында өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 20-дан астам адамы және 4 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
«Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 80 ш.м. құрады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіру барысында алдын ала болжам бойынша газ баллондарынан 4-5 тарсылы болды», - делінген хабарламада.
Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өрт сәтті сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіру барысында өрт ошағынан сегіз газ баллоны алып шығарылды.