Құбыр 36 жыл бұрын салынған
Алматының Байтұрсынов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысындағы құбыр жарылып, су атқылап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Алматы жылу желілері» баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
«4 мамырда Байтұрсынов пен Сәтпаев көшесінде құбыр зақымданды. Тас жолды су шайып кетті. Масаншы-Сәтпаев-Марков-Құрманғазы көшелерінің бойына ыстық су беру уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.
Жарылған құбыр әбден ескірген, ол 1988 жылдан бері жұмыс істеп келеді.