Жасөспірім ата-анасына табысталды
Ақтөбеде жоғалып кеткен оқушы бір күннен соң саябақта достарымен бірге қыдырып жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды.
Ол достарының жанында болған.
«Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Бұған дейін ақтөбелік мектеп оқушысы Аружан Орынбасарованың бір күн бұрын үйінен шығып кетіп, оралмағанын жазған болатынбыз.