Айтбек Амангелді Бишімбаевтың анасын тікелей эфирде боқтап жіберді (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Бишімбаевтың анасы Нүкенованың өлімін екі отбасыға Құдайдың жіберген сынағы деді

видеодан скриншот

Соттағы жарыссөзде Бишімбаевтың анасы сөз алды. Ол ұлының Нүкенованы абайсызда өлтіріп алғанын айтып, кешірім сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Біздің отбасымыз болған трагедия үшін оның ата-анасынан, туыстарынан, әпкелері мен бөлелерінен кешірім сұрайды. Алла тағала біздің және Салтанаттың отбасына үлкен сынақ берді. Салтанат қайтыс болды, оның орны толмайды. Біз күнде Салтанат үшін дұға қыламыз. Мен ана ретінде ұлым үшін дұға етемін. Ол біздің және Салтанаттың отбасы үшін трагедияға айналған әрекетті жасады. Біреудің өмірін қиюға ешкімнің хақы жоқ. Бұл маған және менің күйеуіме, туған-туыстарымызға қатты ауыр тиді. Сот пен алқабилер шығаратын үкімге менің ұлым көнеді. Қуандық жазаға лайық, бірақ істеген ісіне сай жазаға лайық. Жәбірленуші тараптың адвокаттары менің ұлыма негативті мінездеме берді», - деді Альмира Нұрлыбекова.

Ол адвокат Игорь Вранчевтың Бишімбаевты «элитаның паразиті» деп атағанын алқабилерге қысым көрсету деп есептейтінін айтты.

«Адвокат менің ұлымды «қоғамның паразиті» деп атады. Ескі Қазақстанды 30 жылдан астам билеп-төстеген шенеуніктердің істері үшін менің ұлым жауап беруі керек деді. Кешегі жарыссөзде жәбірленуші тарап Қазақстанның бүкіл элитасына жақсылап сабақ беруге тікелей шақырды. Жәбірленуші тарап объективті және әділ жазалауға шақырмай, ескі Қазақстанды жазалауға шықырды. Сіздерге тек сот емес, саяси және пропагандалық қызметті де жүктеді. Құрметті сот және алқабилер сіздерден қоғамның бүкіл күнәсін бір адамның, менің ұлым Қуандықтың мойнына жүктеп қоймауларыңызды сұраймын», - деді Бишімбаевтың анасы.

Ол Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа аз уақыт махаббат пен жылулық сыйлағаны үшін оның отбасына алғыс айтты. Сол сәтте Айтбек Амангелді Альмира Нұрлыбековаға қарап, үнсіз боқтап жіберді. Оның орысша былапыт сөз айтқаны видеода анық көрінді.