Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Әйел түрлі дене жарақатын алды

Фото: istockphoto.com

Петропавлда 56 жастағы әйел бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бұл туралы СҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департаменттің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін болған.

«Петропавл қалалық полиция басқармасының «102» нөміріне Новая көшесіндегі бес қабатты үйлердің бірінен әйелдің құлап кеткені туралы хабар түскен.  Жедел жәрдем бригадасы қала тұрғынын медициналық мекемелердің біріне жеткізді. Әйел түрлі дене жарақатын алды», - делінген хабарламада.

Әйел полицейлерге бесінші қабаттағы терезеден өзім құлап кеттім деп айтқан.

Қазіргі уақытта осы дерек тексеріліп жатыр.