Тұрғымбаев екі айға қамалды – Бас прокуратура

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Ол 2024 жылдың 29 сәуірінде қолға түскен болатын 

Фото: gov.kz

Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі ай мерзімге қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып.

«Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істерминистрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпаушарасын санкциялады», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, Тұрғымбаев бірнеше күн бұрын қолға түскен болатын. Ол «ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін» қолға түсіп отыр.