Ерлі-зайыптылар 2022 жылы сәуірде ажырасып кеткен
Бұрынғы әйелін телефон арқылы балағаттап, қорқытқан ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«НеМолчиKZ» қорының басшысы, белсенді Дина Таңсәрінің жазуынша, ер адам ажырасып кетсе де, әйелге тыныштық бермей, мазасын ала берген. Жәбірленуші Алматы қаласының полициясы мен прокуратурасына бұрынғы күйеуінің заңсыз әрекеті туралы бірнеше рет айтып, арыз жазған.
«2023 жылдың тамызында әйелге 13 аудиохабарлама келеді. Оның бәрінде бұрынғы күйеуі оны балағаттап, қоқан-лоқы көрсеткен. Барлық аудиожазбалар психологиялық-филологиялық-лингвистикалық сараптамадан өтті», - деп жазады белсенді.
Судья К. Дуанбекова қорлық сөздерді Қылмыстық кодекстің 131-бабы 1-бөлігіне сай деп тауып, айыпталушыдан 200 мың теңге моральдық шығын мен 150 мың теңге адвокат қызметінің ақысын өндірді.