19 жастағы павлодарлық есірткі қылмысы үшін 10 жылға сотталды

Автор: Аманалина Тоғжан

Оны полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқан сәтінде ұстаған

Фото: istockphoto.com

Павлодарда 19 жастағы жігіт есірткі қылмысы үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол соңғы жылдары құмар ойын ойнап, қарызға белшесінен батқаннан кейін жұмыс іздеген. Жас жігіт сайт арқылы оңай әрі табысы жақсы жұмыс тапқан.

«Оны полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқан сәтінде ұстады. Күдіктіні тексеру кезінде күртешенің қалтасынан 18 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.

19 жастағы жігіт есірткі қылмысы үшін сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.