Қарағанды облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

видеодан скриншот

Бүгін Қарағанды облысында жолаушылар пойызының техникалық вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше кешкісін Ағадыр мен Айса станциялары арасында болған. Жолаушылар дін аман.

«Қарағанды-Сортировочная» станциясының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.