Түркістан облысында 217 адамды мысық жарақаттаған

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Жыл басынан бері облыста мыңға жуық адамды ит қапқан

Фото: istockphoto.com

Түркістан облысында қызық дерек тіркеліп отыр. Мұнда жыл басынан бері 217 адам мысықтан зардап шегіп, ауруханаға жүгінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Otyrar сайтының мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысында жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген. Жарақат алғандардың ішінде 976 адамды ит қапқан. 217 адам мысықтан зардап шеккен. 51 адамды жылқы теуіп, 5 адамды сиыр сүзген. 49 адам жабайы жануарлар мен кеміргіштерден зиян көргені анықталып отыр.

Айта кетейік, дереккөз биыл Түркістан облысында  41,3 мың қаңғыбас ит пен мысық ауланатынын хабарлап отыр.