«Birgemiz» қоры жарты млрд теңгеге маска сатып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Қорға 19 млрд теңгеден астам ақша жиналды 

2020 жылғы 17 сәуірдегі сағ.18.00 жағдайға сәйкес «Birgemiz» қорының шоттарында 19 105 162 051 теңге жинақталды, деп хабарлайды қордың ресми сайты.

«50 000 теңге көлеміндегі қайырымдылық жәрдем азамат М.Ж Парманкуловтан келіп түсті», - деп мәлімдеді қор.

Жалпы қор шығыстары бүгінгі күні 8 259 750 000 теңгені құрады.

« - 531 000 000 теңге (шарт соммасының 90%-ы) көлемінде қаражат Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынысымен СК «Фармация» үкіметтік операторына 5 млн. дана маска сатып алу үшін жіберілді (03.04.2020 ж.) - 7 623 150 000 теңге барлық облыстар, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардағы «Birgemiz» қорының шоттарына халықтың әлеуметтік әлсіз санатына кіретін мұқтаж жандарға (150 мыңнан астам) 50 мың теңгеден қаржылық қолдау көрсету мақсатында жіберілді (03.04.2020 ж.). - 105 600 000 теңге Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавируспен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлерге төлем үшін медициналық мекемелердің шоттарына жіберілді (07.04.2020)», - делінген ақпаратта.