Ақмола облысы Степногорск қаласында қойма өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Ақмола облысының Степногорск қаласы Заводская кентіндегі қойма үй-жайында алдын ала болжам бойынша 500 шаршы метр алаңда өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт салдарынан 600 литр пайдаланылған май мен 600 литр таза мотор майы және 3 жеңіл автокөлік жанған.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылған.