Тағы екі бала суға батқан
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева елімізде бір тәулік ішінде 5 баланың зардап шеккені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«20 сәуір күні 2 бала суға батып, үш бала терезеден құлады. Балаларды су қоймаларында жалғыз қалдырмаңыз, терезелерге блокатор орнатыңыз. Балалардың қауіпсіздігі біздің қолымызда», - деп жазды Динара Зәкиева.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл жаңа заңда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген ата-аналарға қатысты жауапкершілік қарастырылатынын атап өтті.