Семейде хабар-ошарсыз кеткен әпкелі-інілі бауырларды іздеу жұмыстары жалғасуда

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 7 сәуірде үйлерінен шығып, сол күйі оралмаған

Фото: Семей қалалық полиция басқармасы

Семейде полицейлер мен құтқарушылар 7 сәуірден бері іздеуде жүрген бір отбасының әпкелі-інілі бауырларын іздеу жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Семей қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Өзен арналарында іздестіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көп жиналатын жерлерді аралау шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Абай облысы Полиция департаменті облыс орталығының тұрғындарына 2024 жылдың 7 сәуірінде сағат 15:00 шамасында Семей қаласы, Восточный левый кенті, 3 саяжай, 382 үй мекен-жайы бойынша үйден шыққан және қазіргі уақытқа дейін олардың орналасқан жері белгісіз, хабар-ошарсыз кеткен 10.06.2005 жылы туған Абишева Алтынай Дәулетқызын және кәмелетке толмаған 28.01.2008 жылы туған Абишев Абзал Дәулетұлын іздестіруге жәрдемдесу туралы өтініш түскен.

Алтынайдың белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі арық, шашы қара.

Алтынайдың киген киімі: тізеге дейін жасыл болон куртка, қара түсті футболка, қара түсті кроссовка

Абзалдың белгілері: бойы 175-180 см, дене бітімі арық, шашы ашық т үсті, оң көзінің астында тыртық бар.

Абзалдың киген киімі: қара түсті жеңсіз күртеше, көк түсті футболка, қара түсті джинсы, қара түсті кроссовка.