Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Елді мекендерге қауіп жоқ

Фото: ТЖМ

Балқаш ауданында «Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» РММ аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, «Қазавиақұтқару» АҚ күштері  әуеден 53 рет 159 тонна су төкті.

Өрттің алдын ала ауданы 18 гектарды құраған.

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Қиын батпақты жерлер және бағытын үнемі өзгертетін қатты желдің болуыӨ өрт ошақтарын сөндіруге қиындық туғызуда.