18 сәуірдің сағат 09:30-дағы эпидемиологиялық жағдай
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 45 адам тіркелді, оның ішінде Нұр-Сұлтан қ. – 4, Алматы қ. – 9, Шымкент қ. – 11, Түркістан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 2, Атырау облысы – 4, Жамбыл облысы – 4, Батыс Қазақстан облысы – 6, Павлодар облысы – 2, Қарағанды облысы – 2. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
«Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 350 адам, Алматы қаласында – 504 адам, Қарағанды облысында - 89 адам, Ақмола облысында - 81 адам, Атырау облысында - 76 адам, Жамбыл облысында - 58 адам, Шымкент қаласында - 57 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 8 адам, Алматы облысында - 37 адам, Ақтөбе облысында - 25 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 29 адам, Павлодар облысында - 17 адам, Маңғыстау облысында - 12 адам, Қызылорда облысында - 143 адам, Батыс Қазақстан облысында - 39 адам, Түркістан облысында - 57 адам, Қостанай облысында - 9 адам, жалпы 1591 науқас тіркелді», - делінген хабарламада.