Астанада жол ортасында отқа оранған адамның видеосы тарады: полиция түсініктеме берді

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жатқызылды

Бейнеден кадр

Бүгін, 19 сәуірде әлеуметтік желіде жол ортасында отқа оранған адамның видеосы тарады. Аталмыш оқиға Астанада қаласында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео авторларының мәліметінше, оқыс оқиға Сығанақ көшесінде орын алған. Аталған фактіге қатысты Астана қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкері өртті сөндірді. Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.