18.04.2024, 11:48
Оқиғалар
Су тасқыны кезінде еліміз бойынша жеті адам қаза тапқан – ресми мәлімет
Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлім етті
Фото: Президенттің баспасөз қызметі
Қазақстандағы су тасқыны кезінде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы бүгін Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атырау облысында төрт адам, Түркістан облысында бір бала суға батып қаза тапты. Осы фактілер бойынша қылмыстық істер тіркеліп, алдын ала тергеу жүріп жатыр», - деді Марат Қожаев.
Ол Абай облысы Аягөз ауданында трактордың үстіне мініп отырған, өкінішке қарай, қаза тапқан екі адамның өлімін де су тасқыны кезінде қаза тапқандар қатарына қосты.
«Оларды да су тасқынының құрбандары қатарына қосу керек. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу шешім дайындап жатыр», - деді ол.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды