15 адам ауруханаға түсті
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы Минас-Жерайс штатында жолаушылар автобусының апатынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жүргізуші жолдағы иттерді қағып кетпеуге тырысқан. Алайда ол көлікті басқара алмай, автобус аударылып қалған», - жеп хабарлайды елдің әскери полиция қызметі.
Апат Сан-Жуан-Эвангелиста мен Сан-Педро-Ду-Суасуи муниципалитеттері арасындағы MGC-120 аймақтық трассасында болды.
Автобус салонында барлығы 24 адам болған, оның 15-і ауруханаға жеткізілген.Ауруханаға жеткізілгендердің арасында жағдайы өте ауыр адамдар жоқ.