Штамм Конго Демократиялық Республикасында анықталды
Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінің қауіпті штамы табылды. Канадалық зерттеушілердің айтуынша, аурудың пандемияға айналып кету қаупі бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Telegraph-қа сілтеме жасай отырып.
Басылым аталған зерттеудің әлі нақтыланбағанын, әзірге әлемдік сарапшылар зерттеп жатқан баса ескерткен.
Ғалымдардың айтуынша, Камитугте (Оңтүстік Киву провинциясы) маймыл шешегінің мутацияланған штамы табылды. Вирустың бұл түрі адамдар арасында, негізінен, жыныстық жолмен тарайды. Зерттеушілер кейбір мутацияланған жаңа штамдар қазіргі сынақ-тесттер арқылы анықтала бермейді дейді.
Олар егер шешектің алдын алмаса, ауру халықаралық деңгейде таралуы мүмкін деп санайды.