"Б" жоспары да, "С" жоспары да бар: Париж Олимпиадасына дайындық қалай жүріп жатыр

Автор: Темірхан Айжан

Олимпиада кезінде Парижге 15 миллионнан астам турист келеді деген болжам бар

Фото: bbc.com

Биыл Париж Олимпиадасына 329 спорт түрінен 10 500 спортшы қатысады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.

Қазір Франция үкіметі үшін қауіпсіздік үлкен проблемаға айналған, сондықтан билік Олимпиаданың ашылу салтанатына арналған жоспарды қайта қарап жатыр. Алғашқы жоспар бойынша іс-шарада ұлттық командалар Париждің орталығы арқылы Сена өзенінің 6 шақырымын қайықпен жүзіп өтеді, оны 600 мың көрермен бақылайды деп жоспарланған еді. Бірақ, қазіргі жоспар бойынша көрермендер саны 300 мыңға азайды. Тіпті қауіп күшейсе рәсім Сена өзенінің бойында емес, Трокадерода немесе «Стад де Франс» алаңында өтуі мүмкін.

«Бізде "Б" жоспары да, "С" жоспары да бар. Оны уақыты келгенде талқылаймыз», - деді Президент Макрон.

Француз сарбаздары Олимпиада алдында қауіпсіздікті қорғау бойынша арнайы дайындықтан өткен, шамамен 20 000 сарбаз бен 40 000-нан астам полиция қызметкері шара кезінде аяғынан тік тұрып қызмет көрсетпек. Басқа елдерден қосымша 2000-ға жуық әскери қызметкерлер мен полиция қызметкерлері келеді.

Жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді, оған 549 спорт түрінен 4400 спортшы қатысады. Олимпиада ойындарында 206 ел, паралимпиада ойындарында — 184 ел қатысады. Ойындар кезінде Парижге 15 миллионнан астам турист келеді деген болжам бар.

Жеңіл атлетикадан негізгі жарыстар Париждың сыртындағы «Стад де Франс» стадионында өтеді. Париждің орталығында 15 олимпиада және 11 паралимпиада нысандары орналасқан.

Олимпиада ойындарының Францияда өтетініне париждіктер қуана қоймаған. Олардың 44 пайызы іс-шараны «жаман нәрсе» деп бағалаған және сол уақытта қаладан кетуді жоспарлаған. Париждегі ойындар кезінде автобус пен метроның құны екі есе артады. Көлік қозғалысына шектеу қойылады, бірқатар метро станциялары мен теміржол вокзалдары уақытша жабылады.