Аталған факті полиция бөлімінде тіркелді
Түркістан облысында өзі жұлған қызғалдақпен суретке түсіп, желіге жүктеген22 жастағы қыз жауапқа тартылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция қызметкерлері «грейг» қызғалдақтарын жұлған ордабасылық тұрғынды әлеуметтік желілер арқылы анықтады. Ол Ұялыжар ауылдық округіндегі алқапта қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, бейнежазба түсіріп, желідегі парақшасына жариялаған.
Аталған жағдай сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерімен заңсыз айналысу фактісі бойынша полиция бөлімінде тіркелді.
«Барлық жағдай анықталып жатыр. Түркістан облысының полициясы «Грейг» қызғалдақтарын тамашалауға келген тұрғындар мен қонақтарға қызыл кітапқа енген өсімдіктерді жұлғаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын еске салады», - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.