Қазақстанда әлі неше үй су астында қалып отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде жергілікті деңгейдегі 36 төтенше жағдай жарияланған

Фото: Мәжіліс

Қазақстан бойынша 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, су тасқыны басталғаннан бері Қазақстан бойынша 111 мыңнан астам адам құтқарылған.


«11 950 адам үйлеріне оралды. Қазір 5 411 жеке тұрғын үй, 1 607 аула аумағы және 2 035 саяжай үйі су астында қалып отыр. 3,5 мыңға жуық тұрғын үйден және 2 157 аула аумағынан су бұрылды», - деп хабарлады ол.
 


Ол еліміздің 8 өңірінде жергілікті ауқымдағы 36 төтенше жағдайжарияланын еске салды.