Атыраулықтар аспаннан ерекше көріністі байқады

Автор: Azattyq Rýhy

Болжам бойынша, ол зымыранның ізі болуы мүмкін

Фото: atyrauoil.news/Instagram

Атырау қаласының тұрғындары аспаннан беймәлім көріністі байқады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy atyrauoil.official парақшасына сілтеме жасап.

Парақша авторы бұл құрлықаралық зымыранды сынақтан өткізудің ізі болуы мүмкін деген болжамын жазған.

Жергілікті органдар бұл жайтқа қатысты ресми мәлімет таратқан жоқ.