Ақтөбе облысындағы жанармай құю станциясында өрт шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖМ

Бүгін кешкі уақытта Ақтөбе облысының Ойыл ауылында жанармай құю станциясының аумағында газ-ауа қоспасының тарсылы болды, артынша ғимараттың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 22:00-де 500 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жойылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі - газ жабдығын пайдалануда қауіпсіздіктің сақталмауы.