Осы уақытқа дейін 32 мыңнан астам бала эвакуацияланған
Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау қызметі Қазақстандағы су тасқынына байланысты 32 мыңнан астам баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осы балалардың ішінде 3 мыңнан астам бүлдіршін эвакуациялық орындарда жатқаны белгілі болып отыр.
«Су тасқынына қатысты сағат 10.00 ақпаратқа сәйкес, Азаматтық қорғау қызметтері 97 852 адамды, оның ішінде 32 856 баланы эвакуациялады. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала бар», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Осы уақытққа дейін қардан еріген 8,8 млн. м3 су сорылып, су басқан аймақтарда 1,4 млн астам қап және 1,1 млн. тонна инертті материал төселген.