Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу негізінде жасалған
Алматы әуежайының маңындағы балалар алаңында «тамағы тілінген» ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді
«Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала болжам бойынша, қылмыс алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу негізінде жасалған. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.