Тасқын ауданы 300 метр, ал биіктігі 40 см құрады
2024 жылғы 6 сәуірде сағат 21:30 шамасында Тобыл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Р-38 «Қостанай-Жақсы-Қарабұтақ-Қостанай» тас жолының 4 шақырымында жол бөлігін су алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Тасқын ауданы 300 метр, ал биіктігі 40 см құрады.
«Облыстық филиал мамандары тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастырып, қажетті ескерту жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатты. Сондай-ақ жол жиектерін инертті материалдармен және құм салынған қаптармен күшейту жұмыстары атқарылуда», - делінген хабарламада.
Шараға 5 бірлік техника мен 15 адам жұмылдырылды. Сағат 20:30-дан бері осы учаскеде көлік құралының барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.