Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі көтерілуі ықтимал

Автор: Azattyq Rýhy

Төтеншеліктер тұрғындарды үрейленбеуге шақырады

Фото: «Қостанай таңы»

Қостанай облысында Тобыл өзенінің деңгейі жоғарылауы байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылардың болжамы бойынша, түнде 825 см-ге дейін көтеріледі, бұл 600 см нормадан асады.

Одан кейін су деңгейі қалпына келеді.

Төтеншеліктер су басу қаупі бар аймақтардың тұрғындарын үрейленбеуге шақырады.

Кейбір автожолдар жабылады.