Тайваньдағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 10-ға жетті

Автор: Аягөз Құрмаш

Барлығы 1099 адам зардап шекті

Фото: istockphoto.com

Тайвань жағалауындағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 10 адамға дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, афтершоктардың салдарынан 1099 адам зардап шегіп, 15-і хабар-ошарсыз кетті, тағы 705-і үйінді астында жатыр. 

Хуалянь уезіндегі іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, қазір құтқарушылардың басты назары елді мекеннің айналасындағы таулы аймақтарға бағытталған.

CGTN хабарлағандай, төтенше жағдайлар штабы жалғасып жатқан жер сілкінісі құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын қиындататып жатқанын айтты.

Метеорологиялық қызметтің мәліметі бойынша, Хуалянь округінде және оған жақын аудандарда жер сілкінісінен бері 400-ден афтершок тіркелген.