«Бір адам жараланды»: Теміртауда атыс болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Бұл туралы полициядан хабарлады

Фото: istockphoto.com

Теміртау қаласында атыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына оқ тиген 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оларды ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.