«Зардап шеккендер бар»: Шымкентте атыс болды

Автор: Аманалина Тоғжан

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

фото: otyrar.kz

Шымкентте қаланың қақ ортасында атыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy сайты Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 2 сәуір күні түскі 12:00 шамасында болған.

«Белгісіз біреулер жігітке травматикалық қарудан оқ атқан. Оқиға Шевченко көшесінде болды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен жігіттің көршілерінің айтуынша, атыс болған үйде үнемі айқай-шу болатын көрінеді. 

Қазіргі уақытта полиция мен тергеушілер оқиға орнында тергеумен айналысып жатыр.