Алматыда троллейбус өртеніп кетті

Автор: Темірхан Айжан

Жанып жатқан троллейбустың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Видеодан скриншот

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 сәуір күні сағат 08:04-те екі өрт сөндіру бөлімшесінің топтары Бостандық ауданына жіберілген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Анықталғандай, №7 троллейбус Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында жанып кеткен. Өрт алаңы 10 шаршы метр аумақты алған. Жолаушылар салоннан шығып үлгірген.

«Жанған автобусты сөндіру үшін жедел түрде көбік оқпандары таратылды, автобус конструкцияларын салқындатуға бөлек тағы көбік орпандары берілді. Өрт 08:10-да оқшауланды, 08:15-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.