Зардап шеккендер жоқ
Атырауда автокөлік батпаққа батып, шыға алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
27 наурыз күні сағат 23:20-да Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі Алғабас ауылынан шамамен 21 км қашықтықта екі адам көлікпен батпаққа батып кетті.
Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар дереу шақырту орнына жетіп, Жаңаталап ауылынан 3 км қашықтықтан батпаққа батқан Honda автокөлгін анықтады. 1988, және 1990 жылы туған екі адам эвакуацияланды.
«Зардап шеккендер жоқ. Авариялық-құтқару жұмыстарына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен төрт қызметкер мен бір техника жұмылдырылды», -делінген департаменттің Қоғаммен байланыс тобы таратқан мәліметте.