Алматыда бес жыл бойы іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан қайтарылды

Автор: Мира Байбек

Екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы прокуратурасынан хабарланғандай, ведомство өкілдері заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған», - делінген хабарламада.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.