Ол кәріз құдығында 30 сағат отырған
Австралияның Квинсленд штатында 38 жастағы ер адам кәріз құдығында 30 сағат отырғаннан кейін құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy BBC-ге сілтеме беріп.
Ол құдықтағы тізесінен келетін суға бір жарым тәулік бойы малынып отырғандықтан, қатты тоңып, жеңіл жарақаттар алған.
Құтқарылған ер адам полицияға алғашында кәріз желісіне телефонын түсіріп алғанын, соны алу үшін кәрізге түскенін айтқан. Бірақ оның сөзі өтірік болып шықты.
Ер адам екі көлікке соғып, жол апатын жасаған. Сол қылмысын жасыру үшін полициядан қашып, кәріз құдығына тығылғаны анықталды.
Оны жергілікті тұрғындардың бірі тауып, билік органдарына хабар берген.