Ерейментау қаласында тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді

Ақмола облысы Ерейментау қаласындағы көшелердің бірінде тұрғын үйлерді су басу қаупі туындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш қызметкер мен бір бірлік техникадан құрылған өңірлік ТЖД күштері және құралдары дереу еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушылар су өткізу құбырларын да тазартты.

Қазіргі уақытта елді мекендегі үйлерді су басу қаупі сейілді.