Абай облысында Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Аймақта үйлерді су басу қаупі жоқ

Фото: freepik.com

Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан көшелеріндегі судың деңгейi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.

Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.

«Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте тұр», - делінген хабарламада.