Ақтөбе облысы Темір ауданында жол төсемін еріген қар суы басты

Автор: Azattyq Rýhy

Үйлерді су басу қаупі жоқ

Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылында еріген қар суы жан-жаққа жайылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Су ағыны ауылдың арық жүйесіндегі өзен арналарының жағасынан шыққандықтан елді мекеннің ішіндегі жол жамылғысын бойлай ағып өтті.

Бір күн бұрын облыстық төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдар 50 метр сайын инертті материалдарды төсеген. Жағалауды нығайту құрылыстары салынды. Сондықтан қазіргі уақытта еріген қар суы жол төсемінің бойымен ағып жатыр.

Су басқан үйлер жоқ. Су 30 см-ге дейін төмендеді.