Аймақта еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде
Қостанай облысында қардың еруі салдарынан өңірдегі бірқатар елді мекенді су басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін қардың қарқынды еруі нәтижесінде Қостанай облысы, Арқалық қаласының Жаңа, Отан, Солтүстік, саяжай елді мекендерінде 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үйді су басты», - делінген хабарламада.
ТЖД ЖАО-мен бірлесіп еріген қар суын сору жұмыстары жүргізуде.