Медициналық мекеме карантинге жабылды
Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухана басшысының міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев тағайындалды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге салсақ, 14 сәуір күні аурухана басшысы болған Алмаз Джувашев қызметінен босатылды. Оған себеп – орталық клиникалық аурухананың 147 қызметкері коронавирус жұқтырып, мекеменің карантинге жабылуы. Қазір клиникалық аурухананың вирус жұқтырған мамандары «Көктем» санаториінде оқшауланып, ем қабылдап жатыр.