Бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған ол бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шыққан
Облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев демалыс орнына отбасымен барған. Қайтуға жиналып жатқанда әйелдің бассейннен шыға алмай қалған баланы құтқаруды сұраған айқайлаған дауысын естіп, бірден көмекке жүгірген.
Бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған Есенкелдиев бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шықты.
«Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Бала көкпеңбек болып, демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел-жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жағдайын хабарласып біліп отырдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл бала тоғызыншы балам болады», - дейді ҚАЖД бастығы.