Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті

Автор: Аманалина Тоғжан

Мал иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

Фото: freepik.com

Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Павлодар облысы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 15:29-да Көктөбе станциясынан 130 шақырымда № 2505 жүк пойызының, № 0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, екі жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.

Сағат 19:13 шамасында Май - Дегелең станциясы арасындағы 200 шақырымында № 1284 жүк пойызының, № 0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті. Пойыз 12 минут тұрды.

«Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мал иелерін анықтады. Олар Май ауданының Павлодар облысының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты», – деп жазылған хабарламада. 

Аталған факті бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.