Көлікте 16 адам отырған
Непалдың Удайпур ауданында жол талғамайтын көлік тас жолдан ұшып кетіп, жеті адам қаза тапты. Оның бірі - сәби, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Біз тоғыз адамды құтқардық. Олар қазір ауруханаларда ем алып жатыр», - деді аймақ полициясының өкілі Рошан Тхапа.
Синьхуа хабарлағандай, құқық қорғау органдары оқиғаға көлікте көп адамның отыруы мен жолдың нашар болуы деп болжайды.
Көлікте 16 адам болған.
Жыл сайын жүздеген адам Непалдағы жол апатының құрбаны болады