Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам азамат тіркелген
Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдікті тіркеген 278 үйді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл үйлердің ішінде тұрғын немесе жоқ мекенжайлар болған.
«Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген. Осы фактілерге қатысты ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушінің 79 млн теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші және қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші шығарылмаған.
Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам заңбұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Заңбұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.